Шымкентте жыл соңына дейін көпқабатты 51 тұрғын үй пайдалануға беріледі

Теги: , ,
212

Шымкентте жыл соңына дейін 2 972 пәтері бар көпқабатты 51 тұрғын үй тапсырылады. Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық құрылыс басқармасының басшысы Әбілсейіт Рабаев мәлімдеді.

 

«Шымкент қаласының құрылыс басқармасы негізгі ірі құрылыс нысандарына жұмыс тапсырушы болып табылады. Оның ішіндегі негізгі нысандардың бірі — тұрғын үй құрылысы. Қалада тұрғын үйге сұраныс өте жоғары екендігін ескере отырып, биыл 2 972 пәтері бар 51 тұрғын үй салынуда және жылдың аяғына дейін қолданысқа беру жоспарланып отыр», — деді ол.

Басқарма басшысының айтуынша, 2022 жылы бюджет есебінен жалпы құны 56,8 млрд теңгені құрайтын 90 нысанның құрылысы жүргізілуде. Соның ішінде 31 кредиттік тұрғын үй және 20 арендалық тұрғын үй салынуда.

Ал инженерлік инфрақұрылым бойынша 15 нысан (Тұран ш/а 5 жоба, Бозарық ш/а 6 жоба, ӘІО 2 жоба және Жанаталап т/а 2 жоба) жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Әлеуметтік нысандардың құрылысы бойынша 13 нысанның (4 спорт нысаны, 3 мәдениет нысаны, 2 саябақ, 2 өрт сөндіру нысаны, 1 биотермиялық шұңқырдың және 1 денсаулық сақтау құрылысы) құрылысы жүргізіледі. Оның ішінде 1 саябақ, 2 спорт нысаны, 1 өрт сөндіру нысаны және 1 биотермиялық шұңқырдың құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ, бүгінгі таңда қалада 8 мектеп, 1 колледж, 1 оқушылар сарайы және 1 балалар шығармашылық орталығының құрылысы жүріп жатыр. Жылдың аяғына дейін 5 мектеп, 1 колледж және 1 балалар шығармашылық орталығы пайдалануға берілмек.

Предыдущая запись
Прекращены дела по январским событиям в отношении 21 обвиняемого
Следующая запись
«Келін түсті» Той болатын үйге кіріп келген сиыр көпті күлкіге қарық қылды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню