​Түлкібастық тұрғын 80 келі алманы оп-оңай ұрлап кетті

Теги: ,
287

Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы полицейлерге жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, өзіне тиесілі бау-бақшасынан белгісіз біреулер 4 қап алма ұрлаған. Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 187-бабы «Ұсақ-түйек жымқыру» бойынша тіркелген.

Хабар алысымен тәжірибелі полиция қызметкерлерінен тұратын жедел-тергеу тобы оқиға орнына шығып, тергеу амалдарын жүргізді. Күдікті көз ұазамай ұсталған.

Анықталғандай, күдікті өзінің басқаруындағы «Нексия» маркалы автокөлігімен күндізгі уақытта күзетшілердің жоқтығын пайдаланып, қапқа оралған 80 келі алманы жасырын түрде жымқырып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 30000 теңге.

«Жәбірленушіге ұрланған алмалары қайтарылды. Ұсталған ер азаматтың бұдан басқа да ұрлық жайттарына қатысы бар-жоқтығы анықталып жатыр. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде» деп атап өтті облыстық Полиция департаментіндегілер.

Предыдущая запись
​Шекарашылар шетелдіктерге Қазақстан азаматтығын заңсыз берудің арнасын анықтады
Следующая запись
Ключи от квартир вручили пострадавшим от лесных пожаров в Костанайской области

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню