«Түнгі 12-де келу керек»: ХҚКО-лар Шымкенттегі ұзын-сонар кезектің себебін түсірдірді

Теги: ,
465

Шымкенттіктер жүргізуші куәлігін алу үшін мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында түнеуге мәжбүр. Әлеуметтік желілерде «Достық» шағынауданындағы мамандандырылған ХҚКО алдында кезекте тұрған халықтың видеосы пайда болды. Ондағы мәліметке сенсек, куәлік алу үшін 2-3 апта бұрын түнгі сағат 12-де келіп, кезекке жазылу керек. Видеода орталықтағылар күніне небәрі 30-ақ адамға қызмет көрсететіні, оның өзінде техникалық ақау жиі шығатыны айтылады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалы бұл жағдай орталық ғимаратындағы жөндеу жұмыстары салдарынан туындап отырғанын айтты.

«Жөндеуге байланысты аталған ХҚКО-да жұмыс күндері тек практикалық емтихан тапсыру мен дайын құжаттар беру қызметі көрсетіліп жатыр. Әлеуметтік желіде тараған видео жексенбі күні түсірілген, яғни жұмыс уақытынан тыс кезде. ХҚКО жұмыс күндері ғана ашық. Азаматтардың көптігі ескеріле отырып, мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс кестелері қайта қаралды. Жұмыс уақыты 8.00-ден 18.00-ге дейін ұзартылды. Сондай-ақ С1 санаты бойынша емтихан қабылдауға қосымша машина бөлінді» — делінген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы баспасөз қызметінің мәліметінде.

Предыдущая запись
Оқушылардың ағылшын мен орыс тілін қай сыныптан бастап оқитыны белгілі болды
Следующая запись
Еще один район третьего мегаполиса будет обеспечен бесперебойным электричеством

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню