339
Сотталғандар Мақтаарал ауданының тұрғыны. Ауылдастарының үш жылқысы мен құлынын ақша аса қажет болғасын ұрлағандарын мойындаған. Белгілі болғандай екі күдікті мал жайылымға келіп, жылқыларға жем беріп, сол сәтте мойындарына арқан салып ұстаған. Оңай олжаларын Сайрам ауданындағы мал базарлардың біріне арзан бағаға сатып жіберіпті.
Мақтаарал ауданының полицейлері олардың екі ұрлыққа қатысы барын дәлелдеп берген. Сотталғанның бірінің жасы 50-де, ол 1 жылға, ал екінші 30 жастағы жігіт 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Статистикалық мәліметке сүйенсек, өңірде мал ұрлығы азайған. Десе де жыл басынан бері Түркістан облысында 72 мал ұрлығы тіркелген. Соның 27-сі қора-жайдан ұрланса, 45 жағдайда жайылымнан әкетілген.