350
Келес ауданының азаматшасы сиырын жайылымда мал бағатын жақын танысына сеніп тапсырған екен. Алайда бақташы көп ұзамай келіншектің 200 мың теңге тұратын ірі қарасын пұлдап жіберген.
«Анықталғандай, күдікті ер адам жәбірленушінің жасырын ғашығы болып шықты. Оған жәбірленуші сиырын сеніп тапсырған. Алайда күдікті сеніп тапсырылған мүлікті сатып, бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Күдіктіге қатысты жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін аудандық сотқа жолданды.
Аудандық сот бөтеннің мүлкін иемденіп, талан-таражға салған бақташының бас бостандығын 1 жыл 6 айға шектеу жазасын тағайындады.