Түркістан облысы: дамудан «дәметтіріп», 5 млн. теңгеге алдаған

Теги: ,
226

Полицейлер екі тұрғыннан 5 000 000-ға жуық ақша алып, алаяқтық жасаған күдікті әйелді ұстады. Сарығаш аудандық полиция бөліміне жергілікті екі әйел адам арызданған. лардың айтуынша, сырттай танысы «Даму бағдарламасы бойынша қайтарымсыз ақша алып беремін» — деп, сенімдеріне кіріп, біреуінен 2 600 000 теңге, екіншісінен 2 200 000 теңге ақша алған. Алайда, жарты жылдан астам уақыт өтсе де, күдікті берген уәдесін орындамаған. Жәбірленушілерге келген жалпы шығын көлемі 4 800 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.

Тәртіп сақшыларының жедел іс-шаралар жүргізуі барысында, күдікті әйелдің жеке-басы анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Күдікті жеңіл жолмен ақша табу мақсатында осындай қадамға барған. Күдікті жас әйел жәбірленушілерден алған қаражатты жаратып жіберген. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Предыдущая запись
Түркістан облысы: Сарыағаш ауданының тұрғыны ауласына 2 720 түп көкнәр еккен
Следующая запись
Шымкентте мектеп ауласында жалаңаш еркек жүр

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню