467
Бұл ақпаратты жолаушылардың сөзіне сүйенген Сайрам аудандық Полиция басқармасының бастығы айтты.
Бауыржан Зиятбаев тілшілерге берген сұқбатында «Toyota alpard» автокөлігінің жүргізушісі жолда «қалғып кеткен» болуы әбден екенін айтты. Мұны көлікте болған жолаушылар жеткізген.
Жол апатынан түрлі дене жарақатын алған бес адамның екеуі ғана қазір ауруханада. Сынық жарақатымен түскен екі науқас палатаға ауыстырылған. Дәрігерлердің айтуынша, үйіне жіберілген үш науқастың бірі — автокөлік жүргізушісі.
Полиция жол көлік апатына нақты себеп болғанын анықтап жатыр.
Түркістанды бетке алған жеті адамдық көлік түнде алдында кетіп бара жатқан «HOWO» маркалы жүк көлігінің артқы бөлігіне соқтығысқан болатын.