Түркістан облысы: Сарыағаш ауданының тұрғыны ауласына 2 720 түп көкнәр еккен

Теги: ,
385

Ер адамның есірткі тектес өсімдікті өсірумен айналысатыны туралы полицияға ауылдастарының бірі хабарлаған.

«Бізге, ПД-нің полицейлеріне Сарыағаш ауданының тұрғыны есірткі егумен айналысады деген жедел ақпарат келіп түсті. Есірткіге қатысты қылмыстың алдын алу мақсатында тыңғылықты тексеру жұмыстарын жүргізу үшін ПД-нің тәжірибелі тәртіп сақшыларынан шұғыл топ құрдық. Бірден Сарыағаш ауданына іссапармен шығып, жан-жақты тексеру жүргіздік. Осылайша жинақталған ақпарат көздеріне сүйене отырып, күдіктіні анықтадық. Оның үйіне тінту жұмыстарын жүргіздік. Осылайша егде жастағы ер адамның үйінің артқы жағында орналасқан егістік алқабынан егілген, күтіп-бапталған есірткіге ұқсас өсімдіктерді таптық. Айғақты зат ретінде күдіктіден 2720 түп өсімдікті тәркілеп, оларды сараптамаға жібердік. Сараптама қорытындысымен алынған түптер «көкнәр» өсімдігі болып шықты. Жергілікті тұрғынның есірткі егіп-өсіруі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабымен «Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» СДТБТ-ға тіркелді. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда», — деді Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов.


Айта кетейік, биылғы жылдың 1- маусымы мен 30- қазан аралығында есірткі қылмыстарын болдырмау мен алдын алу үшін «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері заңсыз, құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді еккені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Предыдущая запись
Ақтөбе облысы: ағайынды жігіттер жарты жыл бойы ауылдастарының малын ұрлап, Атырауға жөнелтіп отырған
Следующая запись
Түркістан облысы: дамудан «дәметтіріп», 5 млн. теңгеге алдаған

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню