Түркістанда 6,5 млн теңге айыппұлы бар көлік жүргізушісі ұсталды

Теги: ,
200

Түркістан облыстық Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау және қоғамдық тәртіп бұзушыларды анықтау, оларды жауапкершілікке тарту үшін тұрақты түрде жұмыс жүргізуде. Мәселен, жыл басынан бері полицейлер бейнебақылау камераларының көмегімен берешектері мен әкімшілік айыппұлдарын төлеуден жалтарған 20-дан астам автокөлік иесін анықтады.

«Жақында Жедел басқару орталығына Шымкент қаласының жеке сот орындаушысынан «Тойота Камри» маркалы автокөлікті анықтауға көмек көрсету туралы сұрау түсті. Белгілі болғандай, бұл көлік иесі 6,5 миллион теңге көлеміндегі қарызын төлемей жүрген. Полицейлер сол күні-ақ аталған автокөліктің орналасқан жерін анықтау мақсатында бейнебақылау камералары арқылы іс-шаралар кешенін атқарды. Нәтижесінде Түркістан қаласындағы көшелердің бірінен күмәнді «Тойота Камри» автокөлігі анықталып, тоқтатылды» деп атап өтті облыстық Полиция департаментіндегілер.

Ірі көлемдегі айыппұлды төлемей, жалтарып жүрген борышкердің автокөлігі айыптұраққа қойылды.

Предыдущая запись
Министрлік өңірлердегі білім басқармалары басшыларының жеке телефон нөмірлерін жариялады
Следующая запись
«Кітап көтеріп жүрмейді»: Оқулықтар толықтай цифрлық форматқа көшіріледі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню