«Кітап көтеріп жүрмейді»: Оқулықтар толықтай цифрлық форматқа көшіріледі

Теги: ,
452

Биыл елімізде оқулықтар толықтай цифрлық форматқа ауысады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook парақшасында жазды.

Министр бүгін Премьер-министрге мен Үкімет мүшелеріне «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы баяндаған.

Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтердің 94% онлайн түрде қолжетімді. 25 қызмет проактивті форматта көрсетіледі. Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер смартфондарда қолжетімді және өткен жылмен салыстырғанда оларды пайдалану 17,5%-ға артқан. Сонымен қатар, министрлік халыққа қызмет көрсету орталықтарын жаңғыртуды бастаған және қазірдің өзінде 8 жаңа фронт-офис жұмыс істеп тұр.

«Әлеуметтік сала, білім беру және денсаулық сақтау салалары да біртіндеп цифрлық форматқа көшуде. Осы жылы біз «отбасының цифрлық картасы» жобасын пилотты түрде іске қосқанымыз қуантады. Онда отбасылардың әл-ауқатына тұрақты мониторинг жүргізіледі. Осы арқылы қандай да бір күрделі жағдайларды күтпей-ақ, тәуекелдерді алдын-ала болжап, отбасыларға белсенді түрде көмек көрсете аламыз» деп жазды Бағдат Мусин.

Ведомство басшысы EHealth электронды денсаулық сақтау жүйесін құру бойынша да жұмыстар атқарылып жатқанын атап өткен.

Бұл қызмет көрсету орнына қарамастан, сырқат тарихы мен барлық диагноздарын бір базада топтастыратын ұлттық денсаулық паспортын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Ауылдық мектептер интернет-инфрақұрылымымен толық қамтамасыз етілген. Бірақ бұл тұрғыда әлі де белсенді түрде жұмыс істеу керекпіз. Оқушылар мен мұғалімдер интернетті оқу процесінде пайдалана алуы үшін мектепішілік интернетті тарату желілерін дамыту қажет. Айтпақшы, жақын арада оқулықтардың 100%-ы цифрландырылатын болады және көптеген кітаптарды алып жүру қажеттілігі біртіндеп жойылатын болады» делінген жазбада.

Предыдущая запись
Түркістанда 6,5 млн теңге айыппұлы бар көлік жүргізушісі ұсталды
Следующая запись
Түркістан облысында мақта теру науқаны басталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню