Тұрмысқа шыққысы келген 18 жасар бойжеткен үйінен қашып кеткен

Теги: ,
427

Түркістан облысы, Сайрам ауданында 2004 жылы дүниеге келген жас қыз үйінен белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған. Қызын жан ұшырып іздеген анасы полицейлерден көмек сұраған. Аталған жайт хабар-ошарсыз жоғалу дерегі бойынша тіркеліп, тексеру жұмыстары жүргізілді.

«Полицейлер 18 жасар қызды табу мақсатында жақын аймақтарды аралап, көрген-білгендерден сұрастырды. Ювеналды полиция инспекторлары арқылы қыздың суреттері таратылып, шұғыл әрекеттер атқарылды. Нәтижесінде жоғалған бойжеткен Шымкент қаласында жүрген жерінен табылды. Өз кезегінде қызын аман-есен тауып бергені үшін бойжеткеннің анасы полицейлерге ризашылығын білдірді» деп атап өтті Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер.

Түсінік алу кезінде белгілі болғаны, бойжеткен жігітімен бірге қыдырып жүрген. Яғни, жас жігітпен танысқан қыз оған тұрмысқа шықпақшы болған. Алайда ата-анасы некеге рұқсат бермеген соң ол сүйіктісімен Шымкент қаласына қашып кеткен екен.

Предыдущая запись
Жол ережесін өрескел бұзған той кортежінің жүргізушісі жауапқа тартылды
Следующая запись
На юге Казахстана погибли роженица и младенец

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню