Жаңа оқу жылынан бастап студенттердің стипендиясы 20% өседі

Теги: ,
214

Жаңа оқу жылынан бастап бакалавриат деңгейіндегі стипендия 20% (31 423 теңгеден 36 660 теңгеге дейін) өседі. Соның ішінде педагогикалық бағыттағы студенттер үшін шәкіртақы 50 мың теңгеден бастап 58 800 мың теңгеге дейін артады. Ал магистратура және докторантурада оқитындардың стипендиясы 15% (76 950 теңгеден 86 987 теңгеге дейін және тиісінше 172 500 теңгеден 195 000 теңгеге дейін) өседі. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында жасаған баяндамасы кезінде айтты.

Министр бұдан өзге жаңа оқу жылында елдегі оқу ордаларында білім алатын студенттер мен тағайындалған грант санына да тоқталып өтті.

«2022-2023 оқу жылына күтілетін студенттер контингенті — 609,5 мың адам, оның ішінде қабылданатыны — 164 300 адам. Мемлекеттік тапсырыс көлемі — 88 214 орын, бакалавриатта — 73 061, магистратурада — 13 263, докторантурада — 1 890 орын, оның ішінде 42 303 грант немесе 60% техникалық мамандықтарға бөлінген. Президент тапсырмасы бойынша батыс және халық тығыз қоныстанған өңірлердің жастары үшін 10 мың грант, «Серпін» жобасына 3 653 грант, шетел азаматтарына 490 грант қарастырылды. Республикалық конкурстық комиссияның шешімі бойынша 56 375 грант тағайындалды»,-деді министр.

Предыдущая запись
Смертельное ДТП: житель столицы, паркуясь, наехал на ребенка
Следующая запись
Асхат Аймағамбетов ұлына мектеп формасын қанша теңгеге сатып алғанын айтты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню