ШЫМКЕНТ: «Көкжайлау» тұрғын үй кешеніне қаржы салған үлескерлер шу шығарды

Теги: ,
425

Қалалық әкімдік алдына жиналған бір топ азамат 2019 жылы «7-20-25» бағдарламасымен бітпеген үйге ақша құйғандарын жеткізді. Айтуларынша, «Көкжайлау-2» тұрғын үй кешеніндегі көпқабатты үйде бір жылдан соң қоныс тойын тойлайтын болған. Толықтай біткен үйдің 1 шаршы метрінің құны — 260 мың теңге. Бастапқы жарна -20 %. Бірақ кейбірі 30-40 пайыз төлем жасаса, 100 процент құйып қойғандары бар араларында. Алайда, үй бітпеді. Бәріміз пәтер жалағап шаршадық дегендер бүгін кішкентай балаларын да ерте келді.

Наразы топ пәтердің заңды иесі екендіктерін дәлелдейтін құжаттардың қолдарына тимей тұрғанына шағынды. Әу баста дайын үйге кіруі тиіс болғандар енді тым болмаса сыланбаған баснанаға кіруге де келісіп отыр. Ішкі әрлеуін өзіміз жасайтын болып келіскенбіз дейді. Кілтін ашып кіре салу үшін тағы бір жыл тосулары керек екен. Бірақ соның өзіне сенім болмай тұрғанын айтып ашынды. Пәтердің техникалық құжаттары мен келісім шарт қолдарында жоқ.

Алмас ЖҰМАБЕКОВ, Шымкент қаласының тұрғыны, мұғалім :

Екі бөлмелі пәтердің 20 пайыз төлемін, яғни 5 млн. Теңгесін құйып қойғанмын. Бізге бұйырған баспана әлі бітер емес. Ай сайын 100 мың теңге пәтерге төлеп отырмын. Сол ақшаны осы үйге салсам болар еді. Пәтерге 2020 жылдың 1-тамызында кіретін болғанбыз. Әлі созылып жүр. Енді есігін салып, тұсқағазын жапсырып алуға да көніп отырмыз. Сондада бізге беер алмай отыр. Шыдамымыз таусылды. Әні-міне деп тағы шығарып салды. Қашанғы бұлай жүре береміз?!.

Ал құрылыс компаниясының өкілі пәтер құжаттарын тұрғындарға бере алмай отыруыныңсебебін қазір жекелеген компаниямен арадағы қарыздармен байланыстырды. Сот процесі жүріп жатқан көрінеді.

Дәулет СҮЛЕЙМЕНОВ, «КАМАКС» ЖШС Шымкент филиалының директоры:

«Пандемияға байланысты бірәз қиындықтар болды. Арада құрылыс компаниясын ауыстыруға мәжбүр болдық. Қазіргі қиындық құжаттарды мемлекеттік мекемелерге тіркеуде болыпты. Өйткені, дебиторлық қарыздың болуына байланысты компанияның мүлкі дәл қазірбұғатталып тұр. ред: арест . Сол себепті осышаруа кешеуілдеп жатыр. Бұл мәселе бір апта бұрын шешіледі деп күткенбіз. Бүгін әкімдік, прокуратура өкілдеріне ұсыныс жасадық, бізге сот шешімімен бөліп берген жерді аресттен шығаруға өтініш жазып отырмыз. Жақын күндері мәселе шешіледі деп сенемін.»

Айта кетейік, «Көкжайлау-2» тұрғын үй кешеніне қаражат салған үлескерлер саны —145 адам.

Предыдущая запись
Орал: ұн қымбаттап, қант азайды
Следующая запись
Что ждет рынок строительства и недвижимости Казахстана на фоне российско-украинского конфликта

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню