359
Түркістан облысы Сауран ауданында бір мезетте 12 мектеп басшысы жауапкершілікке тартылды.
Бұл туралы облыстық Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалымжан Алматов айтты. Оның мәліметінше, мектеп директорлары заңнамада белгіленген лицензиялау нормаларын бұзған. Нақтырақ айтқанда, олар мектептің атауы өзгергеннен бастап отыз күн ішінде лицензияны немесе лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеуге өтінішті бермеген. Осыған байланысты департамент мектеп басшыларына 1863000 теңге көлемінде айыппұл салды.