347
Шымкентте лак-бояу өнімдерін сақтайтын қойма отқа оранды. Оқиға бүгін, 5 маусымда түнгі уақытта Еңбекші ауданындағы 238 кварталда болған.
Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші-диспетчерлік қызметінің «101» пультіне сағат 00.25-те қоймада өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер жалпы аумағы 800 шаршы метрді құрайтын бір қабатты қойманың ішінде лак-бояу өнімдерінің жануы орын алғанын анықтады. Қызыл жалын сағат 2.44-те толығымен сөндірілді. Оны сөндіруге Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамынан 70 адам, 19 техника, апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы жұмылдырылды.
Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.