Қасым Жомарт Тоқаев Сингапур Президентінің Istana сарайына келді

194

Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент Тарман Шанмугаратнам қарсы алды. Қазақстан мен Сингапурдың әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді.

Содан соң Қазақстан Президенті Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. Екі ел басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Салтанатты рәсімнен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тарман Шанмугаратнам келіссөз жүргізді. Яғни, қазақ делегациясына сый-құрмет көрсеткені үшін алғыс айтып, бұл 20 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан Президентінің Сингапурға жасаған бірінші сапары екенін атап өтті. Сондай-ақ 1970-жылдары Кеңес одағының дипломаты ретінде қызмет еткендіктен, бұл елді өте жақсы білетінін және араға уақыт салып мұнда Қазақстан Президенті ретінде қайта келгеніне қуанышты екенін жеткізді.

“Мемлекет басшысы Сингапурды уақыт сынынан өткен сенімді серіктес санайды. Бүгінде Қазақстанда 140-тан астам сингапурлық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл ретте Сингапурдың Қазақстан экономикасына салған инвестициясы 1,7 миллиард доллардан асты. Пандемия салдарынан туындаған экономикалық қиындықтарға қарамастан, екіжақты сауда көлемі көп ұзамай 2 миллиард доллардан асады,”- делінген мәлімдемеде.

Қазақстан Президентінің айтуынша, еліміз сенімді саяси диалогқа, қарқынды дамып келе жатқан сауда және инвестициялық байланыстарға бағытталған екіжақты ынтымақтастықтың мүлде жаңа кезеңіне жол ашуға ниетті.

Алдыңғы пост
Құлсарыда митинг аяқталды
Келесі пост
Республикалық маңызы бар жолда жылдамдықты асырмаңыз! 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu