Израиль: «Иран үлкен қателік жіберді және ол үшін жауап беретін болады»

140

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху осындай мәлімдеме жасады деп хабарлайды BBC.

“Иран бүгін кешке үлкен қателік жіберді. Бұл жауапсыз қалмайды. Біз өзіміз белгілеген ережені ұстанамыз. Бізге кім шабуыл жасаса, біз оған шабуыл жасаймыз”, – деді ол.

Израиль әскерінің баспасөз хатшысы Даниель Хагари де Тегеран әрекетінің салдары ауыр болатынын айтты.

“Иран Таяу Шығысты шиеленіске итермелеп отыр. Бүгінгі оқиғалардың салдары қиын болады”, – деді Хагари.

АҚШ президенті Джо Байден Вашингтон Израильді толығымен қолдайтынын айтты. Байденнің айтуынша, оның тікелей нұсқауымен АҚШ әскері соққы кезінде “Израильдің қорғанысына белсенді түрде қолдау көрсетті”. Ол, сондай-ақ, Иранның шабуылы нәтижесіз болғанын жеткізді.

Ал, Иран билігі Израильдегі әскери нысандарға ғана шабуыл жасағанын және ауқымды соғысты қаламайтынын жеткізді. Десе де, өзін-өзі қорғау үшін аянып қалмаймыз деп отыр.

Алдыңғы пост
Шымкенттен Жиддаға алғашқы рейс ұшты
Келесі пост
6-қазан күні қоғамдық көліктер тегін жүреді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu