388
Қарғалы ауылында су құбыры жарылып, тұрғындар ауызсусыз қалған.
Оқыс оқиғаның бейнематериалы әлеуметтік желіде тарап, көптің талқылауында болды. Бірден жергілікті әкімдік су құбырында ақау пайда болғанын жеткізді.
«Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін таңғы сағат 9-да Қарғалы ауылындағы барлық абоненттерге су беру өшірілді. «BeyAzh Trans» компаниясының қызметкерлері құбырды ауыстырып жатыр. Жұмысты сағат 12-ге дейін аяқтау жоспарда», – деп түсіндірді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.