384
Қырғыз Республикасында Камчы Кольбаевтың 720 пәтері мемлекет меншігіне берілді. Бұл туралы Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемагенттік директорының бірінші орынбасары Медер Мәшиев айтты.
Барлық үйлер қылмыс әлемінің авторитеті Камчы Кольбаевқа тиесілі болған. Ол тұтқындау кезінде қаза тапқан.
Сонымен қатар, 38 жылжымайтын мүлкі, оның ішінде ғимараттар мен жер телімдері, 15 акция мен кәсіпкерлік субъектілерінің жарғылық капиталындағы үлестері, сондай-ақ 356 көлігі бар.