Флорист жігітті соққыға жыққан экс-полицейдің тағы бір видеосы пайдаболды

Теги: , ,
409

Шымкенттегі ROMANTIC дүкенінде сатушыны соққыға жығып, гүл шоғын алып кеткен бұрынғы полицейдің тағы бір жанжал шығарған видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Бұл оқиға Түркістан қаласындағы кафелердің бірінде мамыр айында болған.

Бейнежазбада экс-полицейдің айтуынша, кафеге әйелімен бірге келген. Бірақ ол ішіп-жеген ақшасын төлегісі келмей, жанжал шығарған. Кафе әкімшісінің сөзіне сенсек, бұрынғы тәртіп сақшысы ішімдік ішкен. Амалы таусылған кафе қызметкерлері есікті жауып, 102 арнасына хабарласыпты. Алайда бұрынғы погонды қызметкер ашуға булығып, кафе есігін бірнеше рет тебеді.

Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер бұл видео бойынша түсінік берді. Расымен оқиға Түркістан қаласында мамыр айында болған.

«Түркістан қаласындағы кафелердің бірінде шотты төлемеу салдарынан туындап, соңында жанжал болып, полиция шақырылғанын хабарлаймыз.  Ал шот полиция келгеннен кейін төленген. Келтірілген шығынның толық өтелуіне байланысты мекеме әкімшілігі қандай да бір арыз-шағым жазудан бас тартқан, бұл туралы акт түзілген» делінген облыстық ПД мәліметінде.

Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша экс-полицейдің масаң күйде болғаны расталған. Оған Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 440-бабы 1-бөлігі ” Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу” бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданған. Алайда полиция оған қандай шара көрілгенін анықтап жатқандарын айтты.

Еске салсақ, бұған дейін желіде экс-полицейдің Шымкенттегі гүл дүкенінде сатушыны соққыға жығып, гүл шоғын алып кеткен сәтінің видеосы тарады. Ондағы ақпаратта оның “прокурордың ұлы” деген мәлімет шықты. Бірақ прокуратура оны жоққа шығарды.  Кейінірек оның Қаратау аудандық ПБ-ның қызметкері болғаны белгілі болды. Оқиға биыл 8 мамырда орын алған. Алайда ол 19 мамырда отбасылық себептерге байланысты өз өтінішімен ішкі істер органдарынан босатылған.

Шымкенттегі оқиға бойынша оның үстінен ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен (Жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi емес күш қолданып тонау) іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Алдыңғы пост
Үкімет отырысы: күн тәртібінде – жиын-терім және жылу маусымдарына дайындық мәселелері
Келесі пост
Шымкентте екі бүлдіршін 4-ші қабаттан құлап кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu