Маңғыстауда уланған балалардың саны 460-қа жетті: 2 бала жансақтау бөлімінде жатыр

147

Жаппай улану дерегі Бесшоқы ауылындағы №8 мектепте орын алған.

Қазір 374  бала үйде ем алып жатыр. Ал 86 бала ауруханада, оның екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. 1-4 сынып оқушылары мектеп асханасынан езілген картоппен тартылған еттен жасалған котлет жеген көрінеді.

Уланудың себебін өңірлік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің қызметкерлері анықтап жатыр. Сондай-ақ, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

“Науқастарға тиісті емдеу шаралары тағайындалған. Дәрі мен төсек-орын жеткілікті. Қазір ең маңыздысы – балалардың денсаулығы”, – деді облыс әкімі.

Алдыңғы пост
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Келесі пост
Темекі шегемін деп, арқасын күйдірді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu