Шымкенттен Жиддаға алғашқы рейс ұшты

86

Алғаш рет, Шымкенттен Жиддаға тікелей рейс ұшты. Бұл туралы Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. Ағымдағы жылдың 31 қазанына дейін аптасына 2 рейс жүзеге асырылады деген жоспар бар. Ал, 31 қазаннан бастап Шымкент-Жидда бағытындағы бір жиілігі жаңа Шымкент-Медина бағытына ауыстырылады.

«Airbus A320 заманауи әуе кемесімен Шымкент-Жидда және Шымкент-Медина рейстерінің ұшу ұзақтығы -5 сағат 35мин. Шымкент-Жидда бағыты бойынша екі жаққа да авиабилеттердің ең төменгі құны 301 208 теңгеден басталады. Ал, Шымкент-Медина бағыты бойынша 308 050 теңгеден. Қазақстан азаматтары Сауд Арабиясына сапар алдында электрондық виза (https://visa.visitsaudi.com/)алуы қажет»,- делінген хабарламада.

Жидда – Сауд Арабиясындағы көлемі жағынан екінші қала және оның «экономикалық астанасы». Жидда көрікті жерлерге, соның ішінде король Факх субұрқағына, ескі Әл-Балад қаласына, қызықты базарлар мен Қызыл теңіз жағажайларына бай. Жидда Меке қаласынан жүрдек пойызбен бір сағат қашықтықта орналасқан.

Мәдина – мұсылмандардың Меккеден кейінгі екінші қасиетті қаласы. Пайғамбар мешіті ислам дінінің Меккедегі әл-Харам мешітінен кейінгі екінші киелі орны болып саналады. Қалада басқа да көптеген мешіттер, мұражайлар, сауда орталықтары мен мейрамханалар бар.

Алдыңғы пост
Дзюдодан Азия чемпионын пышақтап кетті
Келесі пост
Израиль: «Иран үлкен қателік жіберді және ол үшін жауап беретін болады»

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu