607
Қонаев қаласының полициясына екі жергілікті тұрғыннан арыз келіп түскен. Әйел азаматтары оларға бейтаныс ер адамның шабуылдағаны жайында хабарлаған. Бұл туралы ІІМ-нің Telegram-каналы ақпарат таратты.
Бірінші жағдайда күдікті 40 жастағы әйелді үй тазалауға көмекке шақырған. Кейін оған шабуыл жасап, оның еркінен тыс жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген. Ал екінші эпизодта 41 жастағы әйел ер адамның құрбанына айнала жаздаған.
Екі жәбірленуші де шабуыл кезінде күдіктінің есірткі әсерінен масаң күйде болғанын айтты.
Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Аталған фактілер ҚР ҚК-нің 120-бабы (Зорлау) бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды.