Тұрғылықты жеріне тіркелмеген қазақстандықтар айыппұл төлейді

Теги: ,
201

Қазақстанда тұратын жері бойынша тіркелмегендер 21 мың теңгеден астам айыппұл төлейді. Осы ретте ІІМ-нің Көші-қон қызметі комитеті қазақстандықтарға айыппұл туралы еске салды.

Бұл туралы ведомствоның Instagram парақшасында жарияланды.

«Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша ресми тіркеусіз тұру фактілері жиілеп кетті. Заң бойынша әрбір азамат жеке тұрғын үй болсын, жалға берілетін немесе тұрақты тұратын басқа тұрғын үй болсын, өзі тұратын жерде тіркелуі керек. Әйтпесе, тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеуі жоқ адамдарға кейбір мемлекеттік қызметтерді пайдалану кезінде шектеулер қолданылады. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеусіз тұрғаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 492-бабында 7 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға дейін жауапкершілік көзделген. Бүгінгі күні ол 21 мың теңгеден асады», – деді ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов.

Осыған байланысты Көші-қон қызметі комитеті барлық азаматтарды заңға бағынуға шақырады. Меншік иесі сізді тіркеуден шығарып тастаған жоқ па, үнемі тексеріп отырыңыз. Тіркелген жеріңізді қараңыз. Егер сіз тұрғылықты жеріңізді өзгерткен болсаңыз, онда жаңа тұрғылықты мекенжайға тіркелуіңіз керек.

«Бұл басқа қаладан келген студенттерге де қатысты. Сіз өзіңіздің оқу орныңызға тіркелуіңіз керек. Мұны мүмкіндігінше тез жасаңыз. Тіркеуді тексеруді және тіркеуді өте қарапайым тәсілдермен іске асыруға болады. Біріншіден: Халыққа қызмет көрсету орталығының кез келген бөлімшесіне жеке куәлікпен барып, сол жерде келісім беру үшін тұрғын үй иесінің қатысуы жеткілікті. Екіншіден: Азамат тұрғылықты жері бойынша «электрондық үкіметтің» egov.kz интернет-порталы арқылы тіркеуге өтініш бере алады, үйдің иесі де сол портал арқылы келісім бере алады. Ішкі істер министрлігі тұрғылықты жері бойынша тіркелудің тағы біржеңіл әдісін Halyk Bank-пен жүзеге асырды. Ол үшін App Store мен Play Market-тен банктің мобильді қосымшасын жүктеу керек. Жеке басын күәландыруды растау, тіркеу иесінің келісімі sms-пароль арқылы жүргізіледі. Тіркеу процедурасы шамамен бір минут уақыт алады. Сондықтан қазақстандықтарды тағы да нақты тұрғылықты жері бойынша тіркелуге шақырамыз және көші-қон заңнамасының осы талаптарын сақтамағаны үшін жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз», – деді комитет төрағасының міндетін атқарушы.

Предыдущая запись
Алматы облысында екі зорлау дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды
Следующая запись
Дифтариф на дизтопливо устроил проблемы заправщикам и налоговикам

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню