ШЫМКЕНТ: «Көк жайлау-2» тұрғын үй кешеніне қаржы құйған үлескерлер уәделі пәтерге әлі кіре алмай жүр

Теги: ,
498

Жоғары сапалы пәтерге кіреміз деп құнының қымбаттығына қарамай ақша салған салымшылар үш жыл өтсе де құрылыстың аяқталмай жатқанын айтады. Соңғы рет берілген уәдеге сәйкес оларға тиісті пәтерлер ішкі әрлеуінсіз берілетін болған. Күтуден шаршаған жүздеген тұрғын оған да келіскенімен, соның өзі кешеуілдеп жатқанын жеткізді.

«84 шаршы метр болатын үш бөлмелі пәтерге 50 пайыз төлем жасағанмын. Ол кезде басқа үйлердің шаршы метрі 160-180 мың теңгеден сатылып жатқанда, біз бұл пәтерлерге 260 мың теңгеден құйдық. Үш жылдан асты күтіп жүргенімізге, шаршап кеттік. Жалдамалы пәтерде тұрамын. Пәтерақыға кеткен ақшаны осы үйге салғанымда құтылып қоятын да уақытым болды, немесе басқа бір бизнеске сала тұрғанда да ұтылмаушы едік. Ал мына үй бітер емес. Кілтін әлі бермей жатыр. Оған құжаты да жоқ, есеп шоты бұғатталған деп жатыр. Бармаған жеріміз қалмады. Соңғы рет бұл пәтерлерге бізді қара сылағымен кіргізетін боп уәде берді. Оған да көндік. Бірақ оны бітірудің өзі оңайға соқпайын деп тұр. Сондықтан бізге бағадағы айырмашылықты қазір құрылыс материалдарының бағамымен есептеп берсін деп талап қойып отырмыз, -деді салымшылардың бірі Назипа Таспауова.

2019 жылы «7-20-25» бағдарламасымен бітпеген үйге ақша құйғандардың ұзын саны -150ге жуықтайды. Толықтай біткен үйдің 1 шаршы метрінің құны — 260 мың теңге. Бастапқы жарна -20 %. Бірақ кейбірі 30-40 пайыз төлем жасаса, 100 процент құйып қойғандары бар араларында. 2020 жылдың тамызында қолдарына кілт алуы тиіс бұл топ әкімдік пен құзырлы орындардың табалдырығын тоздырып шаршағандарын айтты. Бітпеген үйдің жарнамасы жер жарды дейді төзімі таусылуға шақ жүргендер.


Ирина Колобникова, салымшы :

«100 пайзы төлем жасағанмын. Келісім бойынша «таза әрлеуімен, біршама жиһазымен» — деп уәде беріген бастапқыда. Оның бірі де жоқ. Тым ұзақ күттік. Қазір шатырынан су кетіп жатыр, көріп жүрміз. Қара сылағымен алайын деп тұрмыз. Оның айырмасына небәрі 28 мың теңге ғана шегерейін деп тұр. Бұл -тым аз ақша. Қазір құрылыс заттарының бәрі қымбат, білесіздер. Тағы бір айта кететінім, біздің бұл жерге қызыққанымыз –тұрғын үй кешенін маңында балабақша, жаттығу залдары болады деген. Оның бірі де жоқ. Немерелерім осында балабақшаға барады деп жүргенімде олар мектепке баратын жасқа жетті. Ал балабақшаның әлі төбесі де көрінбейді. Пәтердің ауданына қатысты да сұрағымыз бар менің».

Тұрғындармен тілдесуге әкімдік пен прокуратура өкілімен бірге «Көк жайлау-2» тұрғын үй кешенінің әу бастағы құрылтайшысы Шахид Рамазан мырза да келіпті. Жиналғандарды сабырға шақырып, мәселенің жақын күндері шешілетінін жеткізген ол бірәз уақыт төбе көрсетпей кетуінің де себебін түсіндірді.

«Құрылыстың үш жылға созылуына біріншіден, пандемия кедергі келтірді. Түркияға кеткеннен кейін уақытылы бұл жақа ұшақтар ұшпай, орала алмадым. Кейіннен келгенімде инвестор арасында да біршама түсінбеушіліктер туындады. Қазір барлығын шештік. Мен бұл жерде көп жұмыс істеуге келдім. «Көк жайлау -2» тұрғын үй кешенін кереметтей етіп бітірмекшімін. Осындағы қара сылағымен тұрған пәтерлерді алуға келіскендеріне пәтер кілтін тапсыруды бастаймыз. Ал таза әрлеуімен алғысы келетіндер тағы 5-6 ай шыдауына тура келеді. Өйткені құрылыс материалдарын шетелден жеткізуге көп уақыт кетеді,- деді тұрғын үй кешенінің құрылтайшысы Рамазан Шахид.

Предыдущая запись
Глубокое декольте Данэлии Тулешовой обсуждают в Сети
Следующая запись
Погружение в подсознание

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню