«Тау самалы» шатқалында Шымкент қаласының белсенділері мен еріктілерінің жастар слеті өтіп жатыр

Теги: , ,
256

«Тау самалы» саяжай лагері базасында ұйымдастырылған Шымкент қаласының ерікті жастарының екі күндік слеті басталды.

Оған қаламыздың белсенді жастары мен мектеп оқушылары қатысты. Олардың барлығы еріктілер қозғалысының мүшелері.

Шараға Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар ісі басқармасының басшысы Мұратжан Шотанов қатысты.

– «Ерікті» деген ұғым қазаққа жат емес. Ата-бабаларымыз бірін-бірі қолдап, бірігіп еңбек еткен. Дәл осы «асар» сөзі бүгінгі еріктілермен өте тығыз байланысты. Ендеше, қаламызда бұл қозғалысты жандандыру керек, – деді басқарма басшысы.

Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Мағжан Исахов екі күнге созылатын шарада жастарды топтарға бөліп, көшбасшылық қабілеттерін дамыту, адамдар арасында көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру бойынша лекциялар мен тренингтер өткізілетінін, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталатынын айтты.

Демалыс орнында өткен шарада басқарма басшысы М.Шотанов жастармен бірге алау жағу рәсіміне қатысып, «галстуксіз» форматта түрлі тақырыпта әңгімелесті.

Предыдущая запись
​Молодежный слёт активистов и волонтеров Шымкента проходит в ущелье «Тау самалы»
Следующая запись
На Капшагайском водохранилище утонул студент из Индии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню