359
Түркістан облысы Жетісай ауданында айласын асырған әйел ломбардты сазға отырғызып кеткен.
Жетісай аудандық полиция бөліміне ломбардтан арыз түскен. Шағымданушы ер адамның айтуынша, сенімге кірген әйел алтынға ұқсас әшекейлерді алдап өткізіп, жәбірленушіге 4 млн теңге шығын келтірген. Аталған факт ҚР ҚК-нің 190-бабы “Алаяқтық” бойынша тіркеуге алынды. Күдікті ретінде жергілікті тұрғын анықталды.
Белгілі болғандай, тұрақты тұтынушы болып күдікті әйел алғашқы уақытта алтынның өзін өткізіп, артынан әшекей алқаларды да қосып отырған. Ал ломбард қызметкерлері алтындардың жасанды екенін байқамай қалған. Осылайша жеңіл келген ақшаны бас пайдасына жаратқан.
Қазір күдікке ілінген әйелге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.